Астана қаласының жаңа әкім тағайындалды

Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақорданың ресми сайтында президенттің жарлығы жарияланды.
"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.
Айта кетері, бұған дейін Қасымбек Қарағанды облысын басқарды. Оның орнына бүгін Ермағамбет Бөлекбаев тағайындалды.