АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Егіндікөл ауданында ер адам ауылдасын пышақтап тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
6 желтоқсан күні аудандық полиция бөліміне Бауман ауылының тұрғыны хабарласып, қонаққа келген ер адамның ауылдасын пышақтап кеткенін айтты. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. Қансырап жатқан 26 жастағы жігітті ауруханаға жеткізді. Оның қабырғасына бірнеше рет пышақ сұққан, ішіне қан кетті.
Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Бауман ауылының 49 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, алкоголь ішу кезінде жанжал шыққанын айтты. Сол кезде жәбірленушіге пышақ ала жүгірді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды.