АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты.
Еске салайық, сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Қоспаев Елдос, сондай-ақ оның сенімді адамдары Имашев Ерлан мен Шалин Руслан іздеуге жарияланған болатын.
Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады.
Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталды - Қоспаев Айдос, Кудряшева Оксана және Кузнецов Алексей. Бұл адамдарға да іздеу жарияланды.