Павлодар облысының әкімі ауысты

Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысы қызметіне Асайын Байханов тағайындалды.
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
Асайын Байханов 2019 жылдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсанда Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылып, оның орынбасары Олег Крук облыс әкімінің міндетін атқарушы болып бекітілген екен.