АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Өткен бір тәулікте 175 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан – 1 255, коронавирус пневмониясынан – 192, барлығы 1 447 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.
Бұған дейінгі тәулікте 144 адам коронавирус жұқтырған еді.