Екібастұз әкімдігін "миналаған" тұрғын ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Екібастұзда "әкімдік ғимаратына мина қойылды" деп жалған ақпарат берген террорист ұсталды.
6 желтоқсан күні сағат 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына дереу бүкіл қызметтер жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Оның барысында ғимаратта 3 қызметкер болды, эвакуация жасалды. Ғимараттан ешқандай жарылғыш құрылғы табылмады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция күдіктіні", - Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін мойындады, - дейді қалалық ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Полиция күдіктінің 2019 жылы дәл осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.