АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде сабақ онлайн форматқа ауыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына оқиды.
Семейде -25 градус аяз. Осыған байланысты 1-4 сынып оқушылары онлайн режимге ауыстырылды.
Қостанай облысындағы Ұзынкөл, Меңдіқара мен Амангелді аудандарында қашықтан оқыту форматы енгізілді. Өңірде қатты аяз, -28 градус.