Атырауда екі баланы құтқарған оқушыны министрлік марапаттады

Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Атырау облысында баланы суда құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі үшін жас құтқарушы Дінмұхаммед Жаңбырбай медальмен марапатталды.
Министр Дінмұхаммедке батырлық іс-әрекеті үшін, оның ата-анасына айналасындағыларға көмекке келуге дайын тұратын баланы тәрбилегені үшін алғыс білдірді.
Оқиға 3 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағасында болған. Дінмұхаммед 2008, 2013 жылы туған достарымен жексенбі күні түстен кейін мұз үстінде ойнап жүрді. 2008 және 2013 жылғы балалардың аяқтарының астындағы әлсіз мұз кенеттен жарылып, балалар су астына кетті. Дінмұхаммед өзі әлсіз мұздың үстінде тұрғанына қарамастан, достарының бірін судан алып шықты.
Дінмұхаммедтің жылдам әрекетінің арқасында судағы қайғылы жағдайға жол берілген жоқ, бала құтқарылды.
Атырауда 8 жастағы оқушы суға түсіп кеткен 2 баланы құтқарды