Коронавирус жұқтырған екі жүзге жуық адам ауруханада жатыр

Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте 140 адамнан коронавирус анықталды.
6 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 374 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 191 пациент стационарда, 1 183 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
5 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
4 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.