АСТАНА, 6 желтоқсан - Sputnik. Екібастұз қаласының тұрғындарынан шығынды өтеуге қатысты екі мыңнан астам өтініш келіп түсті. Алайда бүлінген мүлікті бағалау жұмысы әлі басталған жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Баспасөз мәслихатында облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук Екібастұз тұрғындарының өтініштерін қабылдау қаладағы жеті жылыту пунктінде жүргізіліп жатқанын айтты. Әзірге мұнда апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

"Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқтағаннан кейін комиссия өз жұмысын бастайды. Бұл іспен қала әкімдігі айналысады. Әзірге екі мыңнан астам өтініш келіп түсті", - деді Олег Крук.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин зардап шеккен екібастұздықтар қала басшысының атына еркін түрде өтініш жазу керек. Құжатта тұрғылықты мекен-жайы, зақымдану себебі көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ жеке куәлігінің көшірмесін өтінішпен бірге беруді еске салды.
"Егер тұрғындар өз бетінше жұмыс жасаса, фискалдық құжаттарды қоса беруі қажет. Яғни суреттерді өтінішке қоса аласыз. Осыдан кейін комиссия тексеру жұмыстарын жүргізеді. Әдетте үш күн ішінде өтемақы беріледі", - деді қала басшысы.
Айта кетелік, өтініштер №17, 4, 23, 22, 36, 21 ЖОББМ-де, "Өнер" ҚМҮ және музыка мектебінде күн сайын сағат 10-нан 18:30-ға дейін қабылданады.