Депозиттің мөлшерлемесі көтерілді

Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екі айға депозиттің шекті мөлшерлемесін көтерді.
"Қазақстан ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қаңтарына арналған жеке тұлғалардың депозиті бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарады. Жаңа мөлшерлеме осы жылдың 6 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Депозиттердің мөлшерлемесі көтерілді
Осы орайда қор мамандары екінші деңгейлі банктер депозиттік өнімдер бойынша мөлшерлемені өзгерту туралы шешімді дербес қабылдайтынын еске салды. Бірақ қордың шекті мөлшерлемесі ескерілуге тиіс.