Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Sputnik
АЛМАТЫ, 6 қараша – Sputnik. Астанада 12-14 желтоқсан аралығында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
Байрақты бәсекенің ерекшелігі алғаш рет үш жас: ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында өтеді.
Әлем чемпионаты елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында болады. Жарысқа әлемнің 40 елінен 350-ден астам балуан қатысады.
Ұйымдастырушы – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы мен Qazaq kuresi ассоциациясы.
Спорт
Қазақ күресінен "Turan Barysy" Азия кубогының жеңімпаздары анықталды