Ақтөбеде өздігінен жүріп кеткен автокөлік жертөлеге құлап түсті – видео

Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе қаласында Lada Priora өздігінен жүріп, жертөленің баспалдағына құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін Әбілқайыр хан даңғылында болған. Видеода Lada Priora-ны қашықтан оталдырғаны көрініп тұр. Сол кезде көлік өздігінен жүріп, жертөленің баспалдағына түсіп кеткен.
Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Ал көлік иесі Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Айта кетері, бұл бапта 20 айлық есептiк көрсеткiш (63 600 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.