Ақтауда жоғалып кеткен 11 жасар баланы іздеу жалғасып жатыр

Жоғалған Нұрислам Мамбековті іздеумен еріктілер қозғалысы мен полиция айналысып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда екі күнге жуық уақыт бойы "Lider.kz" волонтерлер қозғалысының еріктілері қаланың құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 11 жасар баланы іздестіріп жатыр.
Нұрислам Мамбеков 4 желтоқсан күні сағат 16:35-те "Ақтау" сауда-ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды lada.kz.
Ерекшеліктері: орта денелі, бойы 150-155 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр, бетінде меңі бар.
Үстінде қою көк түсті күрте, көк қалпақ, бүйірінде ақ жолағы бар қара трико болған. Оның қолында киім салынған пакет және рюкзак ​​болған.
Еріктілер із-түзсіз жоғалған бала туралы мәліметі бар барлық адамдардан +7(700)499-72-92, +7(700)729-20-12 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.