АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Токиода өткен дзюдодан Grand Slam турнирінде қазасқтандық спортшы Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Ғалымжан қола үшін чех спортшысы Лукаш Крпалекпен белдесуі тиіс еді. Бірақ оның қарсыласы татамиге шықпады. Осыған байланысты қазақстандық дзюдошы жеңімпаз деп танылды. Крпалек жарақат алып қалды деген болжам бар. Себебі жартылай финалдағы белдесуге де шықпады.
Ал Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатикадан Әлем кубогынында Жанбота Алдабергенова үшінші орыннан көрінді. Спортшы қызымыз 80.04 ұпайға ие болып, қола жүлдені жеңіп алды.