Мұнай эмбаргосының Ресей мен Еуропаға әсері қандай болады

Sputnik
Еуроодақ 5 желтоқсаннан бастап ресейлік мұнайды, ал ақпаннан бастап мұнай өнімдерін теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салды. Бұл ретте Еуропа ресейлік мұнайды сатып алудың шекті бағасы – барреліне 60 доллар енгізу туралы келісімге келді. Сарапшылар бұл шешімді жөнсіз деп атады. Еуропа ресурстар үшін өте жоғары баға төлеуге мәжбүр болса, Мәскеу, керісінше, енді кірісін арттыра алады, деп жазды РИА Новости.
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың сегіз пакетін қабылдады. Олардың бірі мұнай эмбаргосын кезең-кезеңімен енгізуді қарастырады. Теңіз арқылы отын тасымалдауға тыйым 5 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. ЕО елдерінің көпшілігі танкерлерден алдын ала бас тартты. Argus баға агенттігінің мәліметінше, қазан айына қарай мұндай жеткізілімдер тәулігіне 770 мың баррельге дейін екі есе азайды. Қаңтарда ол 1,6 миллионға тең болған.
Мәскеу Үндістан, Қытай және Түркияға қайта бейімделіп үлгерді. Қаңтар мен қазан аралығында Қытай өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға артық, яғни, 71,97 миллион ​​тонна сатып алды. "Роснефть" басшысы Игорь Сечиннің бағалауы бойынша, бұл Ресейге 49,19 миллиард доллар табыс әкелді. Бейжің теңіз арқылы тасымалдауды ең ірі сатып алушысына айналды.
Қытайда Мәскеу экспорт бойынша Сауд Арабиясына бұрынғысынша жол берді, ал Үндістанда бұл көрсеткіштен асып түсті. Vortexa салалық аналитикалық компаниясының сарапшыларының пікірінше, қазан айында Нью-Дели Еуропалық Одақ елдерінен алғаш рет теңіз арқылы Ресейден көп мұнай алды – 34%-ға.
Қытайда Мәскеу экспорт бойынша Сауд Арабиясына қалыс қалса, Үндістанда бұл көрсеткіш бойынша асып түсті. Vortexa салалық аналитикалық компаниясы сарапшыларының пікірінше, қазан айында Нью-Дели Еуроодақпен салыстырғанда алғаш рет теңіз арқылы Ресейден көп, яғни 34%-ке артық мұнай алды.
"Жағдай батыстық компаниялардың танкерлерді сақтандыруға тыйым салуымен қиындады. Ресейлік жүк жөнелтушілер мен кеме иелері нарықта үстемдік ететін еуропалықтардың сақтандырудан бас тартуына тап болды. Бірақ, Түркия ресейлік сақтандыруды мойындады. Әйтпесе, Қара теңізде кемелер бұғатталар еді. Өйткені әлемдегі танкерлердің 90%-іне штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан P&I Clubs халықаралық сақтандырушы компания қызмет көрсетеді. Ал олар Батыстың санкцияларына бағынады", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, бұл мәселеде Қытай нақты шешім қабылдаған жоқ. МСарапшылар Бейжің оқиғаның ақыры қалай болатынын күтіп отыр. Яғни,қосымша санкциялар енгізіліп, қандай да бір жеңілдіктер алуға болатынын анықтап алғысы келеді.
Сарапшылар оқиғаның одан әрі өрбуінің үш ықтимал сценарийі туралы айтты. Біріншісі, теңіз арқылы мұнай импорты нөлге дейін төмендейді, бірақ "Дружба" құбыры арқылы айдау артады.
"2021 жылы "Дружба" алыс шет елдерге 37,5 миллион тонна экспорттады, өткізу қабілеті 66,5 миллион болатын. Яғни, ресурс бар. Яғни, ресурс бар. Осылайша, жеткізу әдісі ғана өзгереді. ЕО-да мұнай да, оның өңделген өнімдері де қымбаттамайды", - дейді тәуелсіз өнеркәсіп сарапшысы Леонид Хазанов.
Оның айтуынша, екінші сценарий бойынша, "Дружба" арқылы мұнай айдау өзгермейді. Үшінші нұсқада Ресей санкцияларға қарсы әреекет ретінде экспортты тоқтатады. Сонда Еуроодақтағы энергетикалық дағдарыс қайта күшейе түседі де, баға 100 долларға шарықтайды.
Қалай болғанда да, Ресей қалып жатқан мұнай көлемін Азия елдеріне бағыттай алады. Ал олар өз кезегінде Еуроодаққа бензин мен дизельдік отын жеткізу үшін артылған өнімді қайта өңдейді. Әрине, оның бағасы үш есе қымбат болады.
"Еуроодақ елдері, одан кейін "Үлкен жетілік" (G7) және Австралия ресейлік мұнайды сатып алудың шекті бағасын барреліне 60 доллар деңгейінде келісті. Санкциялар бұл белгіні реттеуге мүмкіндік береді. Аталған шектеу ЕО-ның танкерлермен тасымалданатын ресейлік мұнайды сатып алуға енгізілген эмбаргомен бірге күшіне енеді", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, соңғы кездері еуропалықтар тапшылықтың орнын әр өңірден жеткізілетін импорт есебінен толтырды. АҚШ-тан, Таяу Шығыстан және Солтүстік Африкадан баламалы жеткізілімдер шынымен де айтарлықтай өсті. Бірақ Ресейді ешкім алмастыра алмайды.
Жыл соңына дейін РФ экономика министрлігінің бағалауы бойынша, Ресей энергия экспортынан рекордтық табыс – 338 миллиард доллар алады. ОПЕК+ ұйымының желтоқсандағы шешімі Еуропаға тиімділік әкелмейтіні анық: шекті баға енгізу аясында альянс мүшелері өндірісті шектеу жоспарын сақтап қалды. Бұл алдағы жарты жылда мұнай азырақ өндірілетінін білдіреді. Сарапшылардың болжамынша, әлемдік нарықтағы ұсыныстың қысқаруы барреліне 100-120 доллар және одан да жоғары баға енгізілуіне әсер етуі мүмкін.