Коронавирус пневмониясынан бір адам қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте 114 адамнан коронавирус, 3 адамнан коронавирус білгілері бар пневмония анықталды. Бір адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.
5 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 411 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында
7 адамның жағдайы ауыр
3 пациенттің жағдайы өте ауыр
3 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.