Аяз болады: синоптиктер 6 желтоқсанға болжам жасады

Sputnik
АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 6 желтоқсанға ауа райы болжамын жасады.
Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек республиканың шығысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз.
Солтүстік-батыста және оңтүстікт тұман түседі, оңтүстікте көктайғақ болады.

Өңірлердегі ауа райы

6 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Тау асуларында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 17-19 градус, түнде 28-30 градус аязболады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 3-5 градус, түнде 8-10 градус аяз болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз минус 6 градусқа дейін, түнде 15 градусқа дейін аяз болады.