АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Елорданың оң жағалауындағы "Самал" шағын ауданында су құбырында апат болды.
"Астана су арнасы" МКК хабарлауынша, 5 желтоқсанда Самал шағын ауданында құбыр жарылып, онда су беру уақытша тоқтатылды.
"Астана су арнасының" бригадасы апатты жою жұмыстарын жүргізді. Су қайта берілді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады компания.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "Самал" шағын ауданындағы жерасты өткелінде қатқан судың суреті жарияланды.
Астаналықтар жылу желілеріндегі апат салдарынан жылусыз қалған Риддер мен Екібастұз тұрғындарының күйін кешеміз бе деп қауіптене бастады.