АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Полицияға Украинаның Астанадағы елшілігінің ғимаратында бомба бар деген ақпарат түсті.
Оқиға 1 желтоқсан күні болды.
Полицияға Украина елшілігінің консулы арызданған. Айтуынша, электронды поштаға ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хат келген.
Бұл факті Есіл ауданы полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.
"Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді. Тексеріс барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды", -деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.