АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус жұқтырған адамдардың санын жариялады.
Бір тәулікте 173 адамның коронавирусқа қарсы тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Тағы 7 адам ковидтік пневмонияға шалдыққан.
3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 303 адам коронавирус инфекциясынан (–1 116+ және 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
7 науқастың жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.