Алматы тауларында бақылау бекеттері орнатылды

Sputnik
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Алматы тауларының беткейлерінде жауын-шашынға, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүру қаупі сақталып тұр.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Қазауылқорғау" мекемесінің күштері "Шымбұлақ - Эдельвейс" тас жолының Медеу бөгетінің жоғарғы жағындағы учаскесінде бекеттер орнатты, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Бассейннің таулы бөлігіндегі қар көшкіні жиілігі мен жойқын әсері бойынша аса қауіпті табиғат құбылыстарының бірі болып табылады. Қар көшкіні орасан зор жойқын күшке ие, олардың қозғалысының ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 80 километрге дейін жетуі мүмкін.
24 қарашадан бері Алматының таулы аймақтарында өздігінен қар көшкіні жүруінің 14 фактісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлады ТЖД-дағылар.
"Қазгидромет" РМК және "Қазауылқорғау" ММ-нің бекеттері қар көшкіні жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді. Қар жамылғысын профилактикалық түсірулер "Қазгидромет" РМК ұсыныстары негізінде, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қолайлы ауа райы жағдайында жүргізіледі.
Алматы облысында 165 қар көшкіні болса, оның 18-і қауіп төндіріп тұр. Олар "Медеу", "Шымбұлақ" және Үлкен Алматы көлі ауданында орналасқан.
Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупі сейілгенше қар басқан беткейлерге шықпауды сұрайды.