Жетісу облысындағы зауыт қант құрағын өңдейді

Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Жетісу облысындағы Ақсу қант зауыты ақпан айынан бастап қант құрағын өңдей бастайды.
Тоқтап тұрған өндіріс орнын тездетіп іске қосуды мемлекет басшысы өңірге жасаған сапарында тапсырған болатын. Президент аймақтағы екі қант зауытының қуатын 100 пайызға жеткізуді міндеттеген еді. Соған сәйкес мекемеде жаңғырту жұмыстары қарқын алды, деп хабарлады Хабар 24.
Нақтырақ айтқанда қосымша құрал-жабдықтар әкелініп, қант қызылшасына арналған техника құрақты өңдейтіндей етіп жасалып жатыр. Құмшекер өндірудің жаңа тәсілі толық енгізілгенде зауыт жыл бойы жұмыс істейтін болады.
"Қант құрағын өңдеуге қатысты нақты тапсырма берілді. Бұйырса зауыт осы сегіз айдың ішінде 80 мың тонна өнімді өңдеуге кірісуі керек", - дейді Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов.