АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Президент Ұлытау және Жамбыл облыстарының әкімдерін тағайындады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Берік Әбдіғалиұлы жаңадан құрылған облыс әкімі ретінде қайта тағайындалып отыр. Ол бұл қызметке биыл 11 маусымда кіріскен еді.
Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов те облыс басшысы қызметін жалғастыратын болды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Ақорда.
Нұржан Нұржігітов сәуір айында Бердібек Сапарбаевтың орнына Жамбыл облысының әкімі болып барған болатын.