АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Түркістан тұрғыны көлігіндегі нөмірдің орнына бейәдеп сөз жазып қойған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Түркістан тұрғыны көлік нөмірінің орнына бейәдеп сөз жазып қойған
Патрульдік полиция қызметкерлері қаланы аралау кезінде саябақтың жанында тұрған Hyundai Accent маркалы көліктің жүргізушісі тәртіп бұзғанын байқаған. Мемлекеттік нөмірдің орнында бейәдеп сөз жазылып тұрған. Полицейлер көлік иесін анықтап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырды.
Бұл бапта 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 900 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Автокөлік айып тұрағына қойылды.