Неліктен Қазақстан президенті қайта сайланғаннан кейін алғашқы шетелдік сапарын Мәскеуге жасады? Қазақстан мен Ресей өз өңіріндегі қауіпсіздік мәселелерін қалай шешеді?
Санкциялар екі елдің экономикасына қаншалықты әсер етеді? Мәскеу, Астана және Ташкент арасында газ одағын құру идеясын алға жылжыту не үшін қажет? Қазақстанда орыс тілінің орны қандай?
Осы және екіжақты қарым-қатынастың басқа да көптеген мәселесін "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің атқарушы директоры Кирилл Вышинский Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен талқылады.