Екібастұз жылу энергетикалық орталығының жұмысшылары тұрғындарға үндеу жасады – видео

Sputnik
АЛМАТЫ, 2 желтоқсан - Sputnik. Екібастұз жылу энергетика орталығының жұмысшылары тұрғындардан суды өз бетінше ағызбауды өтініп, видеохабарлама жолдады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Бұл қаланы жылумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін жұмысымызды сәтті аяқтауға кедергі келтіреді. Судың көлемі шектеулі", - деп түсіндірді мамандар.
Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тұрғын үй құбырларынан суды бақылаусыз ағызу Екібастұз қаласын жылумен қамту жүйесінде теңгерімсіздік тудырғанын айтқан болатын.
Бұл қалған тұрғын үйлердің жылуға қосылуын бәсеңдетеді.