АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қарашада облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Орынбор облысының 35 жастағы тумасы Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды.
Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі "Зорлау" бойынша іздеуде жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған ер адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.