Ақтауда "Маңғыстау медиа" редакциясының бұрынғы ғимараты өртенді

Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Ақтауда "Маңғыстау медиа"интернет-порталының бұрынғы ғимараты өртенді, деп хабарлайды "Лада" Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде ғимарат ішінде адам болмаған.
Өрт аумағы 350 шаршы метрді құрады, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.