Коронавирус жұқтырған жеті адамның жағдайы ауыр

Sputnik
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте елімізде 167 адамнан коронавирус анықталды.
1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 081 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 167 пациент стационарда, 914 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.