АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Оңтүстік циклон әсер етіп, қар жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады деп болжанып отыр.
Тек Қазақстанның батысында және шеткі солтүстігінде күн ашық болады.
Өңірлердегі ауа райы
Түнде Түркістан, Жамбыл облыстарында, күндіз Алматы облысында, сондай-ақ Жетісу облысында таулы аймақтарда қалың қар жауады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астанада көшпелі бұлт шығады, ара-тұра қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан 9-14 жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы – түнде және күндіз 15-17 аяз.
Алматыда күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0 градус шамасында.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ара-тұра қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы – түнде 6-8, күндіз 0-2 аяз.