АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі компания басшылығында уақытша өзгерістер орын алғаны туралы хабарлады.
Компания таратқан ақпаратқа сәйкес,басшылықтағы ауыс-түйіске Ленин атындағы шахтадағы апатты тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның 3 қарашадағы баяндамасы негіз болды.
"Биджу Наир мен Джелсон Батиста АрселорМиттал вице-президенті және АрселорМиттал ТМД бас директоры Виджай Гоялдың кеңесшілері болып тағайындалды, бұл дереу күшіне енеді. Бұл оларға ағымдағы жағдайға және 3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апаттың себептерін тергеуге толық назар аударуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Владимир Яблонский "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып, Виктор Гафиулов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен ісі департаменті бас директорының міндетін атқарушы болып олардың қызметіне дереу кірісуімен тағайындалғаны белгілі болды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Яблонский және Ғафиуловтың Теміртаудағы жұмыста терең білімі мен көп жылдық тәжірбиесі бар.