Алматы және Ақтөбе облыстарының әкімі қайта тағайындалды

Sputnik
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Президент жарлығымен Алматы және Ақтөбе облыстарының әкімі қайта тағайындалды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін Марат Сұлтанғазиев маусым айында облыс басшысы қызметіне бекітілген.
Сонымен қатар тамыз айының соңында ғана премьер-министрдің орынбасары қызметінен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалған Ералы Тоғжанов та қызметін жалғастыратын болады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген президент баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өңірлер
Алматы облысының жаңа әкімі Сұлтанғазиевтің ағасы қызметінен кетті