АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылдың қаңтар айына теңгедегі депозиттер бойынша шекті (максималды) сыйақы мөлшерлемесін бекітті.
"Бұрын бекітілген желтоқсандағы мәнмен салыстырғанда мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды", - делінген Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарламасында.
Депозиттік өнімдер желісі бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімді тікелей екінші деңгейлі банктер қабылдайды.
2023 жылдың қаңтар айына шекті сыйақы мөлшерлемесі бекітілді
© Photo : Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры