АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың туысы А. Боранбаев Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне пара берген, деп хабарлайы агенттіктің баспасөз қызметі.
"Жеке қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шараның нәтижесінде агенттіктің жекелеген қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі анықталды. Мәселен, тергеумен қамауға алынған Қ. Боранбаевтың туысы – А. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді. Сот А.Боранбаевқа және екі қызметкерге қатысты агенттік өтініші бойынша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - делінген агенттік хабарламасында.
Қазіргі уақытта агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.