АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Әлихан Смайылов комбинат жұмысының тұрақтылығын, кеншілердің жұмыспен қамтылуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Үкімет басшысы өндіріс көлемін төмендетуге, сондай-ақ қазақстандық өнімді өткізу нарығын жоғалтуға болмайтынын атап өтті.
Өз кезегінде Виджай Гоял барлық талаптарды орындауға дайын екенін мәлімдеді.
Кәсіпорынның одан әрі жұмысы бойынша келіссөздер жақын арада жалғасатын болады.