Мәнерлеп сырғанаушы Виктория Синицина мен Никита Кацалапов Мәскеудегі Қызыл алаңда ГУМ-мұз айдынының ашылуында Татьяна Навканың "Шахерезада" спектаклінде өнер көрсетті.
Қызыл алаңдағы мұз айдыны осымен он жетінші рет ашылды. Суретте: Мәскеудегі Қызыл алаңда мұз айдынының ашылуына келген әйел.
Алғашқы қонақтар Татьяна Навканың "Шахерезаданың махаббат хикаясы" атты жаңа мұздағы қойылымының үзіндісін тамашалады.
Қойылымды дайындауға шамамен тоғыз ай уақыт кетті. Сомдалатын рөлдер шоуға қатысушылар үшін арнайы ойлап табылған. Мысалы, Камила Валиеваның кейіпкері – мейірімділік пен махаббат құдайы. Суретте: мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева Қызыл алаңда мұз айдынының ашылуында Татьяна Навканың "Шахерезада" мұз қойылымы кезінде өнер көрсетіп жатыр.
Мұз айдынының ашылуына ресейлік театр, кино, шоу-бизнес жұлдыздары, Олимпиада қатысушылары келді. Суретте: мәнерлеп жүзу спортшысы Влада Чигирева.
Филипп Киркоров мұз айдынының ашылуына әкесі Бедроспен бірге келді. Ол мерекелік шараға өте ашық әрі қанық түстегі әрі ерекше стильдегі киіммен келді.
Ресейлік әртістер – Филипп Киркоров, Жасмин, Тимур Родригес және Валерия мұз айдынында қойылған туындының мәтінін оқыды. Суретте: Татьяна Навканың "Шахерезада" мұз қойылымы сахнасындағы мәнерлеп сырғанаушы.
Мұз айдынымен бір мезгілде жәрмеңке де жұмыс істей бастады: мұнда карусельдерге мініп, тәттілерден дәм татуға, кәдесыйлар сатып алуға болады.
Жұлдызды қонақтар қатарында Юлия Пересильд, Светлана Хоркина, Анна Снаткина сынды актрисалар, тележүргізуші Андрей Малахов, Алика Смехова, әнші Жасмин, Татьяна Михалкова, Игорь Николаев және тағы басқалар болды. Суретте: актриса Юлия Пересильд Қызыл алаңдағы мұз айдынының ашылуы кезінде.
Мұздағы қойылымға мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпиондары Камила Валиева, Никита Кацалапов және Виктория Синицина қатысты.
Мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка (сол жақта) мен Камила Валиева мұздағы балеттің қалай дайындалғанын айтып берді. "Бұл бәрімізге бала кезден таныс "Мың бір түн" ертегісі. Соның негізінде біз "Шахерезаданың махаббат хикаясын" дайындадық"- деді Навка.
Жұлдызды қонақтар шараға қатысушыларды келе жатқан 2023 жылмен және мұз айдынының ашылуымен құттықтады. Суретте: модель және блогер Алена Водонаева.
Биылғы қысқы маусымда мұз айдыны күн сайын сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Суретте: Мәскеудегі Қызыл алаңда неон шамдармен жазылған "ГУМ-каток" жазуы.
Сырғанау сеансының ұзақтығы – бір сағат. Суретте: Мәскеудегі Қызыл алаңда мұз айдынының ашылуына келушілер.
Жұмыс күндері алғашқы төрт сеансқа тегін кіруге болады. Суретте: Мәскеудегі Қызыл алаңда мұз айдынының ашылуына келушілер.