Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ пен НАТО-ның қару-жарақ саботажы

Sputnik
Варшава Германияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Польша аумағынан Украина аспанындағы ресейлік нысандарға соққы жасаса, жағдай ушығады деген күдікпен Берлинге әскери техниканы тікелей Киевке жіберуді ұсынды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Пентагон мен НАТО-ның Украинаның әуе қорғанысын нығайту басымдығы туралы мәлімдемелері шындықпен жанаспайды. Себебі, Украина Қарулы күштері Батыстан жүйелі түрде жарамсыз қару-жарақ немесе тиімділігі төмен зениттік зымыран кешендерін қабылдап жатыр. Сондықтан Украинаның әуе қорғанысы батыстық қолдаудың арқасында берік қорғаныста деуге келмейді.
29 қарашада Пентагонның жоғары лауазымды шенеунігі Украинаның әуе қорғанысын нығайту америкалық және еуропалық одақтастар үшін "мінсіз басымдық" болып қала беретінін айтты. Бұл мәлімдемеде АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Вашингтон НАТО-ның әуе қорғанысы саласындағы Patriot әуе қорғаныс жүйесін Киев режиміне жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Дегенмен, Avenger, Crotale зениттік зымыран кешендерінің, 275 зениттік зеңбіректер мен пулеметтердің жеткізілуін АҚШ қорғаныс министрлігі растамай отыр.
IRIS-T және NASAMS сияқты бірнеше "эксперименталды" әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Украинадағы әскери іс-қимылға елеулі өзгеріс енгізіп отырған жоқ. Тек түйісу аумағының жекелеген учаскелерінде ғана Украина Қарулы күштері кеңестік "Бук" пен француздардың "Кроталі" арқылы аймақтық әуе шабуылына қарсы қорғаныс құра алды.
"Киев режимінің қару-жарақ талап етуінің артуы аясында ұжымдық Батыс Ресеймен тікелей әскери қақтығыс тудырғысы келмейді. Сондықтан, Пентагон мен НАТО қару-жарақ жеткізуде туындаған қиындықтарды заманауи кешендерге қызмет көрсетудің күрделілігімен және Украина Қарулы күштерін дайындаудың ұзақ уақытты қажет етуімен байланыстырып, жауапкершілігі аз үйлестіру және консультациялармен айналысып жатыр", - деп жазды Хроленко.
НАТО әуе кеңістігінің шығыс шекараларын қорғау үшін Германия Польшаға уақытша пайдалануға 100 километрге дейінгі қашықтыққа ұшатын Patriot жүйелерін ұсынды. Варшава Германияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Польша аумағынан Украина аспанындағы ресейлік нысандарға соққы жасаса, жағдай ушығады деген күдікпен Берлинге әскери техниканы тікелей Киевке жіберуді қарастырып жатыр. Германия канцлері Олаф Шольц мұнымен келіспей, Украинаға 1973 жылғы үлгідегі Gepard зениттік танктерін үлкен мөлшерде беруге уәде етті.
35 миллиметрлі Oerlikon автоматты зеңбіректері бар Gepard өздігінен жүретін зениттік қондырғысы 10 жыл бұрын Бундесвер қолданысынан шығарылған. Бірнеше ондаған Gepard зениттік өздігінен жүрретін қондырғыны Киевке беру іс жүзінде пайдасыз . Себебі жауынгерлік сипаттамалары бойынша ол тіпті Stinger зениттік зымыран кешеніне жете алмайды. Оның 5 километрге дейінгі атыс қашықтығы Gepard Украина қақтығысында тез жойылуының ықтималдылығын білдіреді.
Әскери шолушының пікірінше, 24 ақпаннан кейін АҚШ Украинаға 19 миллиард доллардан астам көмек бөлді. Бірақ бұл қаражат соғыстағы жеңіске кепілдік бермейді. Солтүстік Америка мен Еуропа Киев режиміне әскери қолдау көрсетудің қаншалықты қауіпті екенін түсінеді. Берлин, Варшава, Вашингтон және басқа да "одақтастар" түрлі ақылға қонымды сылтаулармен НАТО-ның Ресеймен тікелей қақтығысқа түсу қаупіне байланысты Украина Қарулы күштеріне тиімді соққы мен қару-жарақ беруден бас тартады. Тіпті қорғаныс кешендеріне қатысты күрделіліктер туындап жатыр.
НАТО әуе кеңістігін қорғау үшін Германияның Patriot зениттік зымыран кешендерін Польша шекарасында орналастыру туралы ұсынысын Варшава алғаш қабылдағаннан кейін, бүгінде Польша президенті Анджей Дуданы қоса алғанда үкіметтегі шенеуніктер "көрші елдегі соғыстың салдарынан Польша қауіпсіздігін" құрбан етуден бас тартып отыр. Сондықтан Польша үкіметі Германияның Patriot зениттік зымыран кешендерін орналастыру туралы Германияның ұсынысын қабылдамады.
"Патриоттарды" Украинаға жөнелту туралы поляктардың ұсынысын Украина Қарулы күштері қолбасшылығы да құптап отыр. Алайда, Германия өз зениттік жүйелерін НАТО елдерінен тыс жерде жұмыс істей алмайтын альянстың біріктірілген әуе қорғаныс жүйесінің бөлігі деп санайды.
Осы мәселені біршама реттеу мақсатында Батыс 15 000 украин әскерін екі жылда даярлау үшін 106,7 миллион еуроға ЕО миссиясын құрды. Алайда, Украина Қарулы күштерінің шығынымен салыстырғанда мұндай көмек немқұрайлы болып көрінеді. Еурокомиссияның мәліметінше, тоғыз айда Украина Қарулы күштерінің қатарындағы 100 мыңнан астам адам қаза тапқан.
"АҚШ-тың сыртқы саяси құрылымы өз қателіктерін мойындауды ұнатпайды, бірақ Ақ үй әкімшілігі ядролық қарудың шиеленісу қаупін біліп, Ресеймен тікелей соғысуға ниеті жоқ. Вашингтон мен Брюссельге Украинадағы соғысты жетістік ретінде көрсету қиындап барады. Еуроодақ экономикалық проблемаларға тап болып, украин босқындарының мәселесін шешуге мәжбүр", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.