Талдықорғанның саябағында үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 29 қараша - Sputnik. Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағынан белгісіз ер адамның үсіген денесі табылды. Полиция тергеу бастады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция тексере келе марқұмның 41-жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны екенін анықтады.
"Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ. Іс жүзінде сот-медициналық сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталып, түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады", - деді Талдықорған облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрахмет Көбей.