АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы биыл қаңтар-қыркүйекте 2,5 млрд долларды құрап отыр.
Былтыр сәйкес кезеңде екі елдің тауар айналымы 2,3 млрд доллар болды, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігі.
Жыл басынан бері Қазақстаннан Францияға экспорт 5%-ке өсіп, 1,9 млрд долларға жетті.
Қазақстаннан Францияға экспортталатын негізгі тауарлар:
шикі мұнай – 1,7 млрд доллар (үлесі 89,8%),
уран – 146,5 млн доллар (7,6%),
титан және одан жасалған бұйымдар – 28 млн доллар (1,5%),
күкірт – 10,2 млн доллар (0,53%),
сутегі, инертті газдар және басқа бейметаллдар – 1,9 млн доллар (0,1%),
электр қозғалтқыштары мен генераторлары – 1,3 млн доллар (0,07%).
Сондай-ақ 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Франциядан Қазақстанға импорт 8,1%-ке артып, 512,6 млн долларды құрады.
Франциядан Қазақстанға мына тауарлар импортталады:
вакциналар, қанның сарысуы, қан – 40,5 млн доллар (үлесі 7,9%),
турбореактивті және турбовинтті қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналар – 36,9 млн доллар (7,2%),
бөлшек сауда үшін буып-түйілген дәрілік заттар – 36,7 млн доллар (7,2%),
көмір электродтары – 22,4 млн доллар (4,4%),
радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура – 17,1 млн доллар (3,3%),
электр трансформаторлары – 15,1 млн доллар (2,9%),
хош иісті заттардың қоспалары – 12,7 млн доллар (2,5%),
гербицидтер – 11,9 млн доллар (2,3%).