Павлодар облысының тұрғындары ұялы байланысты тегін пайдаланады

Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Павлодар облысының тұрғындары бір айы бойы ұялы байланысты тегін пайдаланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Екібастұздағы төтенше жағдайға байланысты қала мен облыс тұрғындарын тегін мобильді байланыспен қамтамасыз етуге шешім қабылданды.
Мәселен, Tele2/Altel Екібастұздағы 17 мың абонентке басқа операторлардың нөмірлеріне 45 минут және 45 тегін SMS беріп отыр. Бұдан бөлек, 8 ГБ интернет-трафик аударылады. Бұл пакет 28 қарашада іске қосылды. Мерзімі – 30 күн.
Ал Kcell Павлодар облысындағы абоненттеріне 4 Гб интернет-трафик пен басқа операторларға тегін 20 минут қоңырау шалуға мүмкіндік беріп отыр. Бонустық ресурстарды 28 қарашадан бастап бір аптаның ішінде пайдалану қажет. Абоненттерге арнайы SMS хабарлама жіберіледі.