АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК, Антикор және Қаржылық мониторинг агенттігінің басшыларын қызметке қайта тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Олжас Абайұлы Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымында қалды.
Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.
Айта кетері, олар бұған дейін де аталған ведомстволарды басқарды.
Еске салсақ, 26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті.