Қоғам

Терроризмді насихаттаған теміртаулық жеті жарым жылға сотталды – ҰҚК

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Теміртау қаласының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
ҰҚК ақпаратынша, теміртаулық жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқан.
Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Фигурант бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.
Үкім заңды күшіне енді.