АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыт бойынша ашық, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
26-27 желтоқсан аралығында 9 өңірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40 рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Құтқарушылар трассаларда қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті.
Қазавтожол мамандары жолдың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр. Екі күнде call-орталықтың 1403 қысқа нөміріне 2000-нан астам жолаушыдан қоңырау түскен
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз себу үшін 230 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды. Демалыс күндері күре жолдарға 300 м3-тан астам құм-тұз қоспасы себілді.