Бес облыста кейбір көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қараша - Sputnik. Республиканың бес облысында дизельді көлік пен рейстік автобустардың қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды респуликалық маңызы бар жолдардың ұлттық операторы.
Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Жетісу, Қарағанды облыстарында жол жүруге шектеу қойылды.  
Шығыс Қазақстан облысында температураның төмендеуіне байланысты (-30ºС) облыс бойынша дизельді және жолаушылар рейстік автобустары үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Абай облысында температураның төмендеуіне байланысты (-30ºС) облыс бойынша дизельді және жолаушылар рейстік автобустары үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Павлодар облысында "Омбы-Майқапшағай" а/ж 426-587 км–ге дизельді және жолаушылар рейстік автобустары үшін қозғалысты шектеу енгізілді.  
Жетісу облысында температураның төмендеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" а/ж Үшарал қаласының 558-615 км-ге дизельді және жолаушылар рейстік автобустары үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында температураның төмендеуіне байланысты "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" а/ж 249-320 км. дизельді және жолаушылар рейстік автобустары үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.