АЛМАТЫ, 27 қараша - Sputnik. Pegasus Airlines әуекомпаниясының Астана - Ыстанбұл рейсі экипаждың жұмыс уақытының аяқталуына байланысты кешігіп жатыр.
Жолаушылар 26 қарашада ұшуы керек еді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
"Pegasus Airlines әуекомпаниясының Астана – Ыстанбұл бағыты бойынша 229 рейсінің 26 қарашадағы ұшуы техникалық себептерге және экипаж уақытының аяқталуына байланысты 30 сағатқа кешіктірілді", - делінген хабарламада.
Ведомство рейстің жолаушыларына Қазақстан заңнамасында көзделген қызметтер (сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) көрсетілгенін айтады.
"Азаматтық авиацияданың басты мақсаты – ұшу қауіпсіздігі", – деп атап өтті азаматтық авиация комитеті.