Спорт

Аcтанада шорт-тректен ASTANA-OPEN чемпионаты өтеді

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қараша - Sputnik. 9-30 қараша күндері елордадағы "Алау" мұз сарайында шорт-тректен "ASTANA-OPEN" ашық қала чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бұл чемпионатта алдағы қысқы маусымға үздік спортшылардан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталады. Жеңімпаздар әр жас тобындағы және әр қашықтық бойынша жеке біріншіліктерде анықталады.
Чемпионаттың жас санаты және қашықтығы:
Кіші жастағы қыздар мен ұлдар:
2009 ж.т. (II жартысы – 500 м)
2011 ж.т. (I жартысы – 333 м)
А тобындағы ұлдар мен қыздар:
2011 ж.т. (II жартысы – 500 м)
2013 ж.т. (I жартысы – 333 м)