АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Осы демалыс күндері Астанада Ресей университеттерінің білім беру көрмесі өтіп жатыр. 31 жоғары оқу орнының өкілдері презентациялар өткізіп, болашақ талапкерлермен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, оқу орны туралы толық ақпарат береді.
Россотрудничество басшысы Ольга Филонованың айтуынша, іс-шара 5 жыл қатарынан өткізіліп келеді.
"Келесі оқу жылына іріктеу науқаны басталды. Өткен жылы 500 орынға 3000 талапкер болды. Сондықтан биыл квота саны 700 орынға дейін ұлғайды. Алдымен бейіндік пәндер бойынша тестілеу жүргізіледі. Көбісі жақсы тапсырады. Содан кейін портфолио байқауы басталады. Балалар қандай олимпиадаларға, ғылыми жұмыстарға қатысқанын көрсетеді. Бұл оларға қосымша ұпай қосады. Нәтижесінде біз білім алуға квота алатын 700 адамның тізімін жасаймыз", - деді Ольга Филонова.
Астанада Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының көрмесі өтіп жатыр
© Sputnik / Абзал Калиев
Өкілдік басшысының айтуынша, ресейлік оқу орындары қазақстандық талапкерлер жақсы дайындалып келетінін атап өткен.
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты бакалавр және магистратура бойынша 18 оқу бағдарламасын ұсынады.
31 жоғары оқу орнының өкілдері презентациялар өткізіп, болашақ талапкерлермен сұхбаттасып жатыр
© Sputnik / Абзал Калиев
"Қазақстан азаматтары біздің ЖОО-да білім алушылардың саны мен дайындық сапасы бойынша көш бастап тұр. Әсіресе 2022 жылы оқуға түскендер көп болды. Көбінесе балалар халықаралық қатынастарды, халықаралық құқықты, энергетиканы таңдайды. Мамыр айында біз орыс және ағылшын тілдерінен олимпиада өткіземіз, түсу емтихандары шілде айында өтеді. Сәтті өткен жағдайда бюджетке түсуге болады", - деп атап өтті Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ресми өкілі Виктория Калашникова.
Оның айтуынша, университет басқа елдердің студенттерін баспанамен қамтамасыз етеді.
"Бізде бес жатақхана бар. Келесі жылы Мәскеу кампусында 1600 орындық жаңа жатақхана ашылады. Студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз етуде проблема жоқ, өйткені қоныстану кезінде шетелдік азаматтарға жағдай жасалады", - деп атап өтті Виктория Калашникова.
Эмир Янусов
© Sputnik / Абзал Калиев
Эмир Янусов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің төртінші курсында оқиды. Болашақ мұғалім Ресейде оқуын жалғастырғысы келеді. Ол Шымкенттен Ресей университеттерінің өкілдерімен әңгімелесу және оны қызықтырған барлық сұраққа жауап алу үшін арнайы келді.
"Мен магистратураға түсу үшін төрт мамандықты таңдадым. Бұл халықаралық қатынастар, психология, журналистика және саясаттану", - деп түсіндірді Эми Янусов.
Эмир Шымкентте бір жылға жуық жергілікті теледидарда жұмыс істейді.
"Мен теледидардың қалай жұмыс істейтінін білгім келді. Алдымен оқудан өттім, содан кейін жұмысқа орналастым. Осы уақыт ішінде бай тәжірибе жинадым", - дейді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл биылғы жылдың үшінші көрмесі. Бүгінгі таңда Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық білім алып жатыр. Олар квота бойынша және ақылы негізде білім алып жүр.
Бүгінгі таңда Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық білім алып жатыр
© Sputnik / Абзал Калиев