АЛМАТЫ, 26 қараша — Sputnik. Астана тұрғындары саңырауқұлақша қаптаған көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бірнеше рет шағымданып, әлеуметтік желіде бейнероликтер жариялау арқылы оны тоқтатуды талап етті. Олардың пікірінше, Астана "құмырсқаның илеуіне" айналды. Қала басшысы Алтай Көлгінов елордалықтардың үндеуіне түсініктеме берді.
"Әрбір үлкен қалада құрылысқа қатысты сұрақтар көп туындайды. Бас жоспарда бұның бәрі нақты көрсетілген. Ал 7 көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша нақты келісілген. Тұрғындар өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді, олар айтқандай түзетулер енгізілді. Үйдің қабаты, көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын әлеуметтік объектілерге, мектептерге, балабақшаларға ауыстыру бойынша да мәселелер талқыланды. Ал қазір біз жаңа бас жоспардың жобасымен жұмыс істеп жатырмыз, тұрғындардың шағымы ескеріледі", - дейді Астана әкімі Алтай Көлгінов.
Хан шатыр маңында жаңа көппәтерлі тұрғын үй кешені салынатыны туралы Sputnik Қазақстан ақпарат таратқан болатын. Бастапқы бас жоспар бойынша 900 орындық мектеп салу керек болған. Алайда мектептің орнында бірнеше блоктан тұратын көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
"Бұл ауданда біз тағы төрт мектеп салып жатырмыз. 2000 орындық екі жайлы мектеп. Сондықтан бас жоспарда бәрі ескеріледі, бірақ дәл сіз айтып отырған жер - бұл жеке меншіктің иелігінде. Олар көппәтерлі тұрғын үй салуды жоспарлаған. Бірақ біз мектепті сол жерде салатын болып, өз ырқымызға көндірдік", - деді Астана әкімі.
Айта кетері, Астана әкімінің айтуынша, 900 оқушыға арналған мектеп 300 орынға дейін қысқарған.