Президент сайлаудан кейінгі алғашқы сапарын Ресейден бастайды

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 қараша - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Ал 29-30 қараша күндері Қазақстан президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.